Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы жеке меншікке өтті. Клубтың жаңа иесі – Исламғали Қозбақов, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол клубтың заманауи футбол академиясын құру үшін 12 млрд теңге инвестиция салмақ.
Бұған дейін Премьер-Министр Туризм және спорт министрлігіне 1 қазанға дейін клубтарды жекешелендіру жоспарын жасауды тапсырған болатын.
Төрт клуб жекешелендірілуі керек:
«Шахтер» ФК (Қарағанды) кәсіпкер Тимур Турловқа беріледі;
«Жеңіс» ФК (Астана) Михаил Ломтадзеге беріледі;
«Қызыл-Жар» ФК (Петропавл) Сергей Канға беріледі;
«Қайсар» ФК (Қызылорда) Исламғали Қозбақовқа беріледі.
Бұған дейін билік клубтарды бюджет қаражатынан қаржыландыруды тоқтату мәселесін көтерген болатын. Жекешелендіру – отандық футбол клубтарын дамытудың жаңа кезеңіне айналуы тиіс.