Павлодар облысында КамАЗ аударылып кетті

/
Павлодар облысында КамАЗ аударылып кетті
istockphoto.com

Павлодар облысында полицейлер алкогольдік мас күйінде рөлге отырған КамАЗ жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол басқаруды жоғалтып, автокөлікті аударып алған. Жол-көлік оқиғасы «Атамекен – Русская Поляна» автожолында болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам мас күйінде көлік жүргізіп қана қоймай, бұған дейін – 2024 жылдың маусым айында – жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Соған қарамастан, ауыл тұрғыны тағы да жолға шығып, апатқа себепкер болған.

«КамАЗ жүргізушісі алкогольдік мас күйінде рөлге отырып, басқаруды жоғалтып, көлікті жол жиегіне аударып алған. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде, автокөлік арнайы тұраққа қойылды», – деді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Төлеген Алпысбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары