Талғар ауданындағы тауда ерлі-зайыпты жоғалып кеткен

/
Талғар ауданындағы тауда ерлі-зайыпты жоғалып кеткен
ТЖМ

 Алматы облысының Талғар ауданында 112 пультіне автокөліктегі апаттық «SOS» батырмасы арқылы «Байланыс жоқ, тауда адасып кеттік» деген хабарлама түскен. ТЖМ құтқарушылары хабарлама түскен GPS координаттары арқылы тауда адасып кеткен екі азаматты құтқарды.

GPS координаттары бойынша автокөліктің таулы жерде орналасқан орны анықталғанымен, ТЖМ мамандары хабар жолдағандармен байланыс орната алмаған.

Іздестіру жұмыстарына бірден ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» тобы аттанған. 

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар берілген координаттарды бағытқа алып жаяу жолға шықты. Іздестіру жұмыстары барысында таулы, өтуі қиын жерден Toyota Camrу маркалы автокөлік табылды. Көліктің ішінде ер адам мен жүкті әйелден құралған жұп болған», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар зардап шеккендерді тау бөктеріндегі қиын жететін жерден эвакуациялап, оларды автожолға дейін жеткізді. Сол жерде оларды жедел медициналық жәрдем бригадасы күтіп алып, жүктіліктің соңғы кезеңіндегі әйелді Талғар қаласындағы ауруханаға жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары