Алматыда «СК 7 Строй» құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

/
Алматыда «СК 7 Строй» құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Алматы әкімдігі

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы «СК 7 Строй» ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған мердігер қаладағы бірнеше нысанда жұмыс жүргізген, соның ішінде №112 мектепке қосымша құрылыс салу және Әуезов ауданында аумақтарды көркейту жобалары бар.

Жоспардан тыс тексеру барысында жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс нормасының сақталмауы анықталды.

Тексеру нәтижесі бойынша компанияның құрылыс қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары