Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына берешектерді өндіру туралы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«City Transportation Systems» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік нысаны берілді.
Басқа бір жағдайда прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде жеке компаниялардың бірі елордалық мектептің пайдасына 17 млн теңге көлеміндегі берешегін өтеді.
Прокуратураның кешенді шараларының арқасында биылғы жылы жалпы 2,9 млрд теңгеге мемлекеттің активтері толықтырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.