Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде LRT жобасының келесі бағыты Қосшы қаласына қарай салынатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қосшыдан күн сайын Астанаға 15-20 мың көлік кіреді. Бұл – үлкен жүктеме. Қала өсіп келеді, сондықтан ол бағыттағы LRT жобасын жүзеге асыру өзекті. LRT-ның тағы бір тармағы Тұран даңғылына дейін, әрі қарай ескі теміржол вокзалына дейін жалғасады. Алдымен бірінші бөлігі аяқталады. Қосшы бағыты бойынша жоба шамамен бір жарым жылда толық іске қосылады деп жоспарлап отырмыз», – деді Қасымбек.
LRT желісі тек жер үстімен ғана емес, жер астымен де өтеді. Қазір астана әкімдігі жобаны қаржыландыру көздерін іздестіріп жатыр.