Тойда іш киімін шешіп билеген қыз көпшіліктің сынына қалды (ВИДЕО)

/
Тойда іш киімін шешіп билеген қыз көпшіліктің сынына қалды (ВИДЕО)
Скриншот

Желіде жас қыздың ер адаммен тойда бірге би билеп жүріп, іш киімін шешіп тастаған сәтінен видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеоны алматылық тамада Азамат жариялады. Кадрларда жүргізуші байқауды жариялап, сахнаға жігіт пен қыздың шыққаны көрінеді. Шарт бойынша қатысушылар би билеуі тиіс болған. Алайда бидің қызған шағында қыз еңкейіп, іш киімін шешіп, оны қолында бұлғаған. Ал соңында іш киімін серігінің көйлегіне салып жіберген.

«Бұл – нағыз шок болды. Мен мұндайды нарсені мүлде күтпедім», – деп жазды тамада.

Видео астындағы пікірлерде қыздың әрекеті қызу талқыланып жатыр. Көпшілік болған жайтқа әзілмен қарағанымен, кейбірі оның қылығын ұят әрі орынсыз деп сынаған.

«Қанша рет қарасам да, көзіме сенбедім! Олар, бәлкім, жеңіп шыққан шығар?», «Шай сервизі үшін бәріне дайын!», «Әлгі қыз, шамасы, үш қабат киім киіп алған сияқты», «Қуанудың орнына, жылау керек», «Түнгі клубпен шатастырып алған», - деді желі қолданушылары. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары