Көкшетауда 80-нен асқан қария пәтерінде тірідей жанып кете жаздады

/
Көкшетауда 80-нен асқан қария пәтерінде тірідей жанып кете жаздады
ТЖМ

Көкшетауда қарт кісі пәтерімен бірге тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көкшетау қаласындағы Боровской шағын ауданында бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Құтқару жұмысы барысында автосатының көмегімен пәтер иесі, 1943 жылы туған зейнеткер терезе арқылы құтқарылды. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Сонымен қатар, құтқарушылар түтінге толған пәтерден мысықты алып шықты. Реанимациялық шаралардың көмегімен үй жануары құтқарылды.

Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары