Еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жерлесіміз 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақдәулет жапониялық Рику Фурусавамен күресті. Нәтижесінде қазақстандық балуан 3-2 есебімен жеңіске жетті.