Маңғыстау тұрғындары көлік жуу орнынан жабайы құсты кездестірді

/
Маңғыстау тұрғындары көлік жуу орнынан жабайы құсты кездестірді

Мұнайлы ауданында тұрғындар көлік жуу орнынан сирек кездесетін жабайы құсты тауып, орман шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәртіп сақшылары құсты ұстап, оны орман және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандарына табыстаған.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша,Табылған құс – выпь. Бұл – көкқұтан тұқымдасына жататын сирек кездесетін құс түрі. Ол көбіне өзен-көл жағалауларында және қамысты жерлерде мекендейді әрі адам көзіне көп түсе бермейтін, жасырын тіршілік ететін құс.

Көрнекі тексеріс барысында жарақат немесе зақым белгілері анықталмаған, алайда құс әлсіреген күйде болған. Мамандардың болжамынша, ол ұзақ қоныс аудару кезінде әлсіреп қалған, себебі күзгі миграциялық кезең суда жүзетін және су маңында тіршілік ететін құстар үшін көп энергияны қажет етеді.

Қысқа уақыттық күтім мен тексерістен кейін орман шаруашылығы қызметкерлері құсты табиғи мекені бар Қаракөл көліне жіберді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары