Балқашта 4 жастағы бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 26 қазан күні Сабитова шағын ауданындағы бес қабатты үйде болған.Бала ата-анасының қарауынсыз қалып, терезеден құлап кеткен.
Оқиға кезінде баланың анасы көрші бөлмеде болған.
2021 жылы туған бала көпжарақатпен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы оның жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
2025 жылдың басынан бері Қарағанды облысында көпқабатты үйлердің терезесінен 25 бала құлаған.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және терезелерге арнайы бекіткіш орнатуды ескертеді.