Полиция қызметкері 4 020 метр биіктіктегі шыңды бағындырды

/
Полиция қызметкері 4 020 метр биіктіктегі шыңды бағындырды
Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаменті штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Венера Закирзянова 4 020 метр биіктіктегі Жастар шыңын сәтті бағындырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күрделі бағыт Шүкір асуы (3040 м) мен Күмбелсу шатқалы арқылы өтіп, бастауын Үлкен Алматы көлінен алған. Қар басқан шыңға дейінгі жол шамамен жиырма сағатқа созылып, түнгі сағат екіден кешке дейін жалғасқан бұл сапар қатысушыдан зор төзімділік пен рухтың беріктігін талап етті.

Полиция қызметкері Венера Закирзянова табандылық пен рухтың күші арқылы 4 020 метр биіктіктегі Жастар шыңына көтерілді. Ол бұл сапарда қызметтік борышқа адалдық пен "Заң мен тәртіп" қағидатына беріктіктің үлгісін көрсетті.

Венера Закирзянова – кәсіби альпинист емес, алайда белсенді өмір салтын ұстанатын жан. Ол табандылық, тәртіп және өз күшіне деген сенім арқылы кез келген шыңды бағындыруға болатынын ісімен дәлелдеді.

Полиция майоры бүкіл сапар бойы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қаласы полиция департаментінің логотипі бейнеленген жабдықпен жүріп өтті. Бұл оның қызметтік борышына адалдығы мен "Заң мен тәртіп" қағидатына – өмірде де, қызметте де берік екенінің айқын көрінісі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары