«Бұл қалай атақ алды?»: Тамара Асар өзін сынағандарды орнына қойды

/
«Бұл қалай атақ алды?»: Тамара Асар өзін сынағандарды орнына қойды
Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында марапат алғанына күмәнмен қараған жұртқа жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тамара Асар бұл атаққа 25 жылдық еңбегінің нәтижесінде қол жеткізгенін атап өтті.

"Сынақтан кейін, СЫЙ алған күн… Алланың бұйыртқаны осылай екен. Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін. Ардақты АҒАЙЫН! Мені “Қазақстанның Халық әртісі” марапатыммен құттықтап жатқан қалың ел ҚАЗАҒЫМА бас идім. Құттықтаған жандардың әрқайсысының кеудесінде осындай алтын жұлдыз жарқырасын, - деді "Халық әртісі". 

Сондай-ақ ол бұл атаққа лайық екенін айтты. 

“Бұл қалай алды,не үшін алды?” - деген оймен, оған жақ пен тілге жағымсыз сөз қосқан жандар да менің сүйікті көрерменім.
Оларға түсіндіре кетейін: Мен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында қызмет етіп келе жатқаныма 25 жыл.
Маңғыстаудың тышқан мұрны қанатқан бір мерекесінен қалып көрмедім. Берілетін мемелекеттік айлыққа қанағат етіп, барлық шарасына шақырса да, шақырмаса да өзім барып, әлі күнге қатысамын. Жаңа костюм, жаңа репертуар барлығын бұлжытпай орындауға тырысамын. Маған туған жерім риза! Шүкір", - деп жазды Тамара Асар. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары