Индонезияда қуатты жер сілкінісі болды

/
Индонезияда қуатты жер сілкінісі болды

Дүйсенбі күні таңертең Индонезияның Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы елдің Метеорология, климатология және геофизика агенттігі (BMKG) мәлім етті.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 00:04-те болған. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Солтүстік Орталық Тимор аймағынан 82 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Гипоцентрдің тереңдігі 75 км болғаны BMKG сайтында көрсетілген.

Эпицентрдің координаттары – оңтүстік ендіктің 9,06 градусы және шығыс бойлықтың 123,97 градусы.

«Жер сілкінісі сезілді, бірақ дүрбелең болған жоқ. Әзірге шығын немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Біз ықтимал қауіп-қатерлерді бақылауды жалғастырып жатырмыз», – деді Шығыс Нуса-Тенгара провинциясының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлім басшысы Гаспер Лоса Маниса.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары