Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды

/
Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды
istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті жұмыс сапары барысында байланыс сапасын жақсарту және телекоммуникация қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Комитет өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірлесіп «Заречный» және «Жетіген» шағын аудандарында, сондай-ақ «Алматы–Қонаев» автожолына барды. Негізгі назар тұрақты сигналды қамтамасыз етуге және қала маңы мен шалғай аумақтарда байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталды.

Сапар аясында «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды. Жаңа станция желінің өткізу қабілетін арттырып, пайдаланушыларға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша Алатау қаласы әкімдігінде телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған кеңес өтті. Кездесуде бесінші буын (5G) желілерін одан әрі енгізу, мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үй массивтерін жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету және өңірдегі байланыс сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар қаралды.

Ерекше назар білім беру ұйымдарын интернетке қосуға аударылды: жыл соңына дейін Алатау қаласындағы барлық мектептер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары