Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында өз алаңында Хабаровскінің «Амур» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірінші кезеңде Джейк Масси соққан шайбаның арқасында алаң иелері алға шықты. Екінші кезеңде Алихан Өмірбеков пен Тайс Томпсон есеп айырмасын ұлғайтты. Соңғы жиырма минутта астаналықтар басымдығын сақтап, кездесуді сенімді жеңіспен аяқтады. Есеп — 3:1.
27 қазан күні сағат 21:00-де «Барыс» сырт алаңда Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасымен кездеседі.