Қазақтың дәстүрлі музыкасын терең зерттеген ұлт жанашыры дүниеден өтті

/
Қазақтың дәстүрлі музыкасын терең зерттеген ұлт жанашыры дүниеден өтті
Фото: Instagram/Ахмет Жұбанов атындағы РҚМММИ

Белгілі музыкатанушы, өнертану кандидаты, қазақтың дәстүрлі музыкасын терең зерттеген ұлт руханиятының жанашыры, ұлағатты ұстаз Әлия Сұлтанмұратқызы Сабырова дүниеден озды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

«Әлия Сұлтанмұратқызы саналы ғұмырын қазақ музыкасының ғылыми негіздерін зерделеуге, түркі әлемінің ортақ рухани тамырын, ұлттық мұраны заманауи ғылым биігіне көтеруге арнады.

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Әлем халықтарының музыкасы» атты авторлық курсты енгізіп, музыкалық білім беру саласына тың серпін берді.

Оның зерттеулері Абай мен Шәкәрім мұрасының музыкалық-философиялық мәнін ашуға зор үлес қосты. Ғалымның жетекшілігімен ондаған магистрлік және докторлық диссертациялар қорғалды. Ғылыми қызметінен бөлек, ұзтаз ретінде де ұлағатты жолда қажырлы қызмет етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өз ісіне адалдығы мен бастамашылдығы, жаңашыл көзқарасы арқылы замандастары арасында зор құрметке бөленді.

Әлия Сұлтанмұратқызының жарқын бейнесі, өнер мен ғылымға сіңірген өлшеусіз еңбегі халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары