Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында бірнеше саланың мамандарын марапатттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соның ішінде бірнеше этно-мәдени орталықтың өкілі де бар.
«Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Ассамблея – берекелі бірлігіміздің мызғымас нышаны, теңдесі жоқ бірегей құрылым.
Оның мүшелері елдегі тұрақтылықты нығайту үшін аянбай еңбек етіп жүр. Ал қоғамдағы келісім мен ынтымақты күшейту – нағыз отаншылдық белгісі.
Мен бүгін еліміздегі бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне «Ел бірлігі» орденін табыстаймын», – деді Президент.