Павлодар облысында екі күнде 26 қылмыс ашылды

/
Павлодар облысында екі күнде 26 қылмыс ашылды
polisia.kz

Павлодар облысы аумағында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараның екі күнінде облыс аумағында 26 қылмыс ашылды. Екі күдікті және ұрлық жасағаны үшін есепте тұрған 24 адам ұсталды. Бұдан бөлек, 922 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың қатарында – ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі сияқты құқық бұзушылықтар бар.

Жол қозғалысы кезінде жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 73 жүргізуші, қарсы жолаққа шыққаны үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ал көлікті мас күйде басқарған 13 жүргізушіге полицейлер тиісті шаралар қолданды. 312 адам уақытша бейімдеу және айықтыру орталықтарына жеткізілді.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Тәртіп бұзған жағдайда құқық бұзушылар заң аясында жауапқа тартылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары