Атырау облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 20 жастағы сотталған қыз істеген ісіне өкініш білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, бұрын жаман ортаға түсіп қалған. Туған-туысы жоқ. Балалық шағы балалар үйінде өткен.
«Қазір бостандыққа шығу үшін барымды салып жатырмын. Жаңа өмір бастап, әрбір минутты бағалағым келеді, – дейді ол.
Сотталған қызбен үнемі психолог жұмыс істеп, оның бейімделуіне және болашаққа жоспар құруына көмектесіп келеді.