Павлодар облысында кранның ілмегі құлап, ер адам қаза тапты

/
Павлодар облысында кранның ілмегі құлап, ер адам қаза тапты
pixabay.com

Павлодар облысында тепловоз машинисін кранның ілмегі ұрып, қаза тапты. Қайғылы оқиға Баянауыл ауданындағы «Сарыкөл» көмір кенішінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық еңбек инспекциясы комитетінің мәліметінше, теміржол тұйығында көмір тиелген жартылай вагон рельстен шығып кеткен.

Құрылымды кранмен көтеру кезінде трос үзіліп, ілмек машинистке соғылған. 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары