Солтүстік Қазақстанда құрғақ бие сүтін өндіретін алғашқы ферма ашылды

/
Солтүстік Қазақстанда құрғақ бие сүтін өндіретін алғашқы ферма ашылды
СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында өңірдегі алғашқы құрғақ бие сүтін өндіретін ферма ашылды. Жоба «Север Агро LTD» ЖШС жүзеге асырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жылдық өндірістік қуаты — 40 тонна өнім болмақ. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 3,2 миллиард теңгені құрайды.

Кәсіпорынның өнімі фармацевтика, аспаздық және спорттық тағам өндірісінде пайдаланылатын болады. Өнім сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында өндірістік үдерістерге Германиядан келген шетелдік мамандардың қатысуымен заманауи технологиялар енгізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары