Қуат Хамитов Дубайда сенсация жасады

/
Қуат Хамитов Дубайда сенсация жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (26-8-2) Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен ACA 194 турнирінде өнер көрсетті , деп хабарлайды turkystan.kz.

Қуат Хамитов жартылай орта салмақта ресейлік спортшы Анатолий Бойкомен (12-4) күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған бұл кездесу сенсациялық нәтижемен аяқталды. Қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында сарапшылардың басым бөлігі жеңісті Бойконың еншісіне жазған болатын, сондықтан бұл нәтиже көпшілікті таңғалдырды.

Осылайша, Қуат Хамитов өзінің кәсіби мансабындағы 27-ші жеңісін тіркеді. Ал Анатолий Бойко төртінші рет жеңілді.

Сонымен қатар, Хамитовтың соңғы ММА жекпе-жегі 2024 жылдың мамыр айында өткен болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы аты аңызға айналған ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (68-17-1) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілген еді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары