Қорғаныс министрлігі БҚО-да дрон жарылғанын мәлімдеді

/
Қорғаныс министрлігі БҚО-да дрон жарылғанын мәлімдеді
скриншот

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ.

«Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады. Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары