Астанада мас күйінде көлік жүргізген азамат төрт жылға қамалды

/
Астанада мас күйінде көлік жүргізген азамат төрт жылға қамалды
istockphoto.com

Бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған қала тұрғыны қайтадан мас күйінде рөлге отырып, жол-көлік оқиғасын жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы Hyundai Starex автокөлігін жүргізіп келе жатып, Астана – Қарағанды трассасы мен А-105 көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот үкімімен жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Материалдық шығын өндірілді.

Елорда прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін, сондай-ақ көлік құралын басқаруды осындай адамға бергені немесе көлік құралын басқаруға рұқсат бергені үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгеніне назар аударады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары