Жамбыл облысында ірі көлемде марихуана тасымалдаған күдіктілер ұсталды

/
Жамбыл облысында ірі көлемде марихуана тасымалдаған күдіктілер ұсталды
Полиция. Фото: polisia.kz

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі заттарын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ІІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері бірлескен операция барысында есірткі заттарын заңсыз тасымалдаған күдікті адамдар тобын ұстады.

Жедел ақпарат негізінде Тараз қаласына кіреберісте Audi-80 маркалы көлік тоқтатылған. Көлікте төрт жергілікті тұрғын болған. Тексеру кезінде багаждан кептірілмеген марихуананың төрт қапшығы табылып, жалпы салмағы 24 келіден астам екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, есірткі Тұрар Рысқұлов ауданының құмды аумағында дайындалған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда көліктегі екі жолаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалған күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілерді ұстау шарасына Жамбыл облысы прокуратурасы өкілдері де қатысқан. Құқық қорғау органдары өңір аумағында есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары