Астанада бағдаршамнан өтпек болған 7 жастағы баланы көлік қағып кетті

/
Астанада бағдаршамнан өтпек болған 7 жастағы баланы көлік қағып кетті
istockphoto.com

Астанада бағдаршамның жасыл түсі жанғанда көшені кесіп өтпек болған жеті жасар баланы көлік қақты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Telegram-дағы Kris_p_astana арнасында жарияланды. Автор жол-көлік оқиғасыАйнакөл көшесінде, бала бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан кезде болғанын жазды.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, Айнакөл көшесінің бойымен келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі Төлебаев көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді, тексеруден кейін ол амбулаториялық емдеуге жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары