Алматы тұрғыны турфирмадан 1 млн теңге өндіріп алды

/
Алматы тұрғыны турфирмадан 1 млн теңге өндіріп алды
istockphoto.com

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында азаматтың компаниядан қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот талап қоюшы мен жауапкер арасында виза алу бойынша қызмет көрсетуге келісімшарт жасалғанын анықтады. Қызметтерге бағдарлама таңдау бойынша кеңес беру, құжаттарды жинау, сұхбатқа жазылу, сауалнаманы толтыру, сұхбатқа дайындық және төлемдерге көмек көрсету кірген.

Қызметтердің жалпы құны 1 574 000 теңгені құрады, оның ішінде талап қоюшы 1 000 000 теңге аванс ретінде төлеген. Алайда компания өз міндеттемелерін орындамаған: қызметтер сапасыз көрсетілген, құжаттар дайындалмаған, ал орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылмаған.

Жауапкер келісімшартты орындауға қандай да бір шығындар жұмсағанын дәлелдей алмады. Нәтижесінде талап қоюшы виза ала алмай, компанияның қызметтері үшін шығынға ұшыраған.

Іс материалдарын зерттеп, компания тарапынан нақты дәлелдердің болмауын ескере отырып, сот талап қоюшының пайдасына 1 000 000 теңге аванс сомасын өндіріп берді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары