Жас балуан Юсуф Мациев әлем чемпионатында жүлдегер атанды

/
Жас балуан Юсуф Мациев әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мациев 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол украиналық Егор Якушенкомен кездесті.

Тартысты белдесу 6:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір екі медаль бар. Бұған дейін 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетханов қола жүлдегер атанған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары