Талғат Шаяхметов жаңа қызметке тағайындалды

/
Талғат Шаяхметов жаңа қызметке тағайындалды
ІІМ

Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымға полиция полковнигі Талғат Шаяхметов келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Талғат Шаяхметов тағайындалды», — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Тағайындалғанға дейін Талғат Шаяхметов ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар оны жеке құрамға таныстыру барысында Ержан Сәденов қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі тәсілдерді қайта қарау қажеттігін атап өтіп, басым міндеттерді айқындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары