Қызылордалық дәрігерлер арахис жеп, қақалып қалған жасөспірімді құтқарды

/
Қызылордалық дәрігерлер арахис жеп, қақалып қалған жасөспірімді құтқарды

Қызылордалық дәрігерлер арахис жеп, қақалып қалған жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бала үй жағдайында арахис жеп отырып, кенеттен шашалып қалған. Арахис тыныс жолына түсіп, ауа жетпей ентігу, тоқтаусыз жөтел мен құсу белгілері байқалған. Жедел жәрдем бригадасының шұғыл әрекетімен бала Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.

"Науқасты кезекші хирург және реаниматолог бірлесе қарап, кеуде қуысының КТ тексерісі жасалды. Бала дереу стационарға жатқызылып, эндоскопиялық жолмен (ригидті бронхоскопия) бөгде дене-арахис сәтті алынды.

Қазір баланың жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп жоқ", - делінген хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары