Рудный қаласына жаңа прокуроры тағайындалды

/
Рудный қаласына  жаңа прокуроры тағайындалды
gov.kz

Рудный қаласының прокуроры болып Асқар Бурбаев тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бас прокурордың 2025 жылғы 17 қазандағы бұйрығымен Рудный қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Бурбаев Асқар Болатұлы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Асқар Бурбаев 1986 жылғы 29 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек қызметін 2009 жылғы қаңтарда ішкі істер органдарында бастаған, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы лауазымында жұмыс істеген.

2009 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы қаңтарға дейін Астана қаласы ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінде анықтаушы болып қызмет атқарған.

2012 жылғы қаңтарда прокуратура органдарына ауысып, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған.

2013 жылғы қаңтарда Сарыарқа ауданы прокурорының аға көмекшісі, ал 2015 жылғы маусымнан бастап Астана қаласы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры қызметін атқарған.

2017 жылғы қазаннан 2022 жылғы ақпанға дейін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтың жай-күйін талдау басқармасында прокурор және аға прокурор, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалау заңдылығының сақталуын қадағалау қызметінде жұмыс істеген.

2022 жылғы ақпаннан жаңа тағайындауға дейін Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалау заңдылығының сақталуын қадағалау қызметінің қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтың жай-күйін талдау басқармасының аға көмекшісі болған.

Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі – 14 жыл.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйектің аяғында Бас прокуратура қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокуроры ұсталғанын хабарлаған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары