Астана – Петропавл тас жолында жүргізуші қаза тапты

/
Астана – Петропавл тас жолында жүргізуші қаза тапты
Ақмола облысы ПД

Қайғылы жағдай 22 қазан күні Астана – Петропавл автожолының 99-шақырымында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

КамАЗ жүк көлігі Hyundai Creta көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Creta көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары