Астанада Республика күніне орай ерекше челлендж ұйымдастырылды

/
Астанада Республика күніне орай ерекше челлендж ұйымдастырылды
Астана әкімдігі

Республика күні қарсаңында елорда жастары «Менің Қазақстаным!» атты ақция бастады. Жастар үйлердің балкондарына көк туымызды іліп қойды, Астана көшелерінде мыңға жуық ту ілініп тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл акция елорда көшелеріндегі жүрген астаналықтар мен қала қонақтарына жүрек тебірентер әсер сыйлады. Астаналықтар акцияға қосылып жатыр.  

«Жыл сайын отбасымызбен осы челленджге қатысамыз, балконға ту іліп қоямыз. Бұл қарапайым әрекет, бірақ символдық мәні бар. Қаладағы ілініп тұрған туларды көргенде, елің үшін мақтаныш сезімі кернейді», - деді Сарыарқа ауданының тұрғыны.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік рәміздерін орналастыру туралы ережеге сәйкес, азаматтар өз үйлерінің ғимараттары мен балкондарында патриоттық сезімдерді білдіру және Ұлттық жетістіктерді қолдау мақсатында мемлекеттік туды пайдалануға құқылы.

Мемлекеттік рәміздерді пайдаланудың белгіленген стандарттарын сақтау қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары