Абай облысының тұрғыны пойыз астына түсіп, оң аяғынан айырылды

/
Абай облысының тұрғыны пойыз астына түсіп, оң аяғынан айырылды
ҚТЖ

Абай облысындағы «Шар – Семей» учаскесінде ер адам пойыздың астына түсіп, аяғынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қазан күні сағат 17:53-те болған.

«Тальго» жолаушылар пойызының машинисі 35 км/сағ жылдамдықпен адамның теміржол жолына кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Алайда ер адам локомотивтің берілген дыбыстық дабылына жауап бермеген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол құлаққапта және капюшонда болған. Бұл оның назар салуын шектеген.  Жәбірленушінің алған жарақаттарының салдарынан, оң аяғын кесуге тура келді.

Оқиға туралы ақпарат Семей станциясының ІІБ-на берілді», - делінген ақпаратта.

ҚТЖ азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдардың жанында мұқият болуға және теміржол өткелдері мен жолдардан өту кезінде құлаққапты пайдаланбауға шақырады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары