Қызылорда станциясында полиция Қазақстан аумағында заңсыз тұрып, жұмыс істеген 14 шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицияның ақпаратынша, Сексеуіл станциясындағы теміржол вокзалының құрылыс алаңында шетел азаматтары тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткен.
Тексеру барысында олардың уәкілетті органдар берген еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттары болмағаны анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Сот шетел азаматтарын елден шығару және Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын сақтау шетел азаматтары үшін де, еңбек мигранттарын жұмысқа тартатын жұмыс берушілер үшін де міндетті екенін еске салады.