Түркістан облысында туристер адасып кеткен

/
Түркістан облысында туристер адасып кеткен
ТЖМ

Түркістан облысында қарағандылық туристер адасып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, Төлеби ауданының таулы аймағында Қарағанды облысынан келген туристер адасып кеткен. Олар автокөлікпен жүрген және кері жолды таба алмаған. Көлікте төрт адам, оның ішінде екі бала болды.

«Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағы шұғыл жетті. Байланыстың тұрақты болмағанына қарамастан, геолокация арқылы туристердің орналасқан жері анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Адасқандар 1800 метр биіктікте орналасқан «Ақсу» каньоны аумағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар оларды қауіпсіз автожолға дейін шығарып салды, содан кейін туристер өз көлігімен жолын жалғастырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары