Головкин Сондерспен жекпе-жектен бас тартқаны үшін өкініп қалуы мүмкін

Boxingnews24.com порталының тілшісі Дэн Эмброуз өзінің блогында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинің (37-0, 33 КО) осы салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуден бас тартқаны үшін кейін өкініп қалуы мүмкін деп жазады.

«Кәсіпқой бокстан көп нәрсені күтуге болады. «Канелоны» промоутері Оскар Де Ла Хойя қыркүйекте Головкин-Альварес жекпе-жегінің орнына Сондерс-Альварес кездесуін ұйымдастырып жіберуі де мүмкін. Тіпті басқа бір боксшымен де келісімшарт жасауы ықтимал. Егер дәл осылай болатын болса, көптеген жанкүйерлер қазақстан боксшы мен оның промоутері Том Леффлерді маусымға жоспарланған Сондерспен өтуі мүмкін деген жекпе-жектен бас тартқаны үшін сынға алатын болады. Ол кезде Головкиннің IBF ұйымының чемпиондық белбеуіне бірінші үміткер  Туреано Джонсонмен кездесуге міндетті болады. Бұл жекпе-жек Головкин үшін қиын болатыны анық.

Бұрнағы күні Де Ла Хойя мен Альварес кіші Хулио Сезар Чавеспен өтетін кездесуден кейін Головкинмен кездескісі келетінін айтып жүр. Бірақ көптеген бокс мамандары оған сеніп жатқан жоқ. «Канелоның» Головкиннен басқа боксшылармен шығуы мүмкін. Мысалы, Давид Лемье, Мигель Котто секілді. Осындай мүмкіндікке ие бола отырып, олар Головкинмен жекпе-жекке шығуы екіталай.

Сауль Головкинмен жақсы ақша жинап алғаннан кейін ғана кездесуге келісім беретін шығар. Сондықтан да Головкин мен Леффлер Сондерспен өтетін жекпе-жектен бас тартқаны үшін алдағы уақытта сандарын соғып қалуы әбден мүмкін. Өйткені, «Канелоның» бұған дейінгі істеген істеріне қарап, мұндай қорытындыны алдын ала болжауға болатын еді», – деп жазды Эмброуз.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин – Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарлан еді. Бірақ өткен аптада Головкиннің командасы қыркүйекте «Канеломен» кездесу үшін маусымдағы Сондерспен өтетін жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.

Ал Головкин – «Канело» жекпе-жегі қыркүйекте өтуі мүмкін. Қазіргі уақытта екі боксшының командасы келіссөздер жүргізіп жатыр.

 

Back to top button