Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заңғардың оқырманы: «Қайратпен Жұлдыздың шықпаған жаны екеуі екі жақсы өмір сүріп олардың өмірі не сөйтіп жүріп қартайып өмірлері өтіп кетеді, ал сендер жүрсіңдер ағаң тапқан ақшасымен рахаттанып, отбасын қасында неге Қайратты ойламайсыңдар, Төреғали жүр ғой қасынан тастамай», - деп пікір жазған.
«Соңғы кездері осылай жазатын кісілердің саны көбейіп кетті, әрине әркімнің өз ойы, пікірі бар дегенмен, біреудің отбасы жайлы, ол отбасы ішінде не болып жатқанын, анық қанығын білмей жатып, былай жазғандарыңыз, дұрыс деп ойламаймын! Менінде отбасымның бақытты, тату болғанын қалаймынғой! Бірақ менің де, сіздердің де ол кісілердің отбасына араласуларыңыз орынсыз! Екі жастын арасына, есі кеткен түседі деген, қазақта әдемі сөз бар!
Көпшілік мені Қайрат аға, әке шешесінің ақшасымен өмір сүреді деп айтып жатады, дегенменмен жігіт адамға ең жат нарсе, ол жігіт емес, ез болғаны шығар! Бірінші Алла, кейін әке-шешем, ағамның арқасында жаман өмір көрмедік, мені оқытып, осы күнге жеткізіп, қармақ бергендері сөзсіз! Менің қалай күн көріп жүргенімді жақындарым біледі! Әрине ешкімге еш нарсе дәлелдеудің қажеті жоқ, дегенмен кейде сөз сүйектен өтіп, осындай пікірлеріңіз жүйкені жұқартады, түсінікпен қарауларыңызды сұраймын, біз енді халықтың алдында жүргеннен кейін, ешкімнің ауызына қақпақ бола алмаймыз, дегенмен менің және менің ағаларымның өсіп келе жатқан ұл қыздарына бұл нәрсе әсерін тигізіп жатқанын ұмытпаңыздар! Бәріңіз бір-бір бала тәрбиелеп жатсыздар, рақмет», деп жауап берді Заңғар.