Қызылордада 10-сынып оқушысын әжетханада ұрып-соққан

/
Қызылордада 10-сынып оқушысын әжетханада ұрып-соққан
скриншот

Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде оқушыны жасөспірімдер жабылып ұрған. Мектеп әжетханасының ішінде болған оқиға бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

HALYQSTAN Telegram-арнасының жазуынша, оқушыны ұрып-соғу дерегі 8 қазан күні таңертеңгі уақытта тіркелген. Денсаулығына зақым келген жәбірленуші жергілікті ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған.

Облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

– Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Күдікті ретінде кәмелетке толмағандар ұсталып, полицияға жеткізілді. Сондай-ақ кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын еске салғым келеді, - деді департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары