Ұлытау облысында мал жаю ережелерін бұзған 232 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Ұлытау облысы дәстүрлі түрде еліміздегі мал шаруашылығы жақсы дамыған өңірлердің бірі болып саналады. Дегенмен, ауыл шаруашылығы жануарларының автожол маңында бақылаусыз жүруі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіреді
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ұлытау облысының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осындай фактілердің алдын алуға бағытталған жол картасын іске асыруда.
Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 232 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы малға соқтығысу деректері 67%-ға азайды. Бұл көрсеткіш құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының тиімділігін айқын көрсетеді", - делінген хабарламада.
Прокуратура алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін және олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударатын болады.