Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
1/8 финалда қазақстандық спортшы украиналық Даяна Ястремскамен кездескен болатын.
Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетте Рыбакина жеңіске жетті, екіншісінде Ястремская басым түсті. Ал шешуші үшінші сетте Елена 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.
Келесі айналымда Рыбакина аустралиялық Айла Томляновичпен күш сынасады.