Қарағандыда оқушы қызға үйленген 38 жастағы азаматқа үкім шықты

/
Қарағандыда оқушы қызға үйленген 38 жастағы азаматқа үкім шықты
видеодан скриншот

Қарағанды соты 15 жастағы оқушы қызға үйленген 38 жастағы күдіктіге қатысты үкім шығарды. Ол енді 17 жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандармен байланысты жұмыстарды, педагогикалық қызметтерді өмір бойы атқару құқығынан айырылды. Одан бөлек үш млн теңге моральдық өтемақы төлейді. Оның туыстары үкіммен келіспей отыр. Апелляцияға беруге ниетті.

Оқиға биыл көктемде Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында болған. Қыздың шешесі мен өгей әкесі 15 жастағы қызды өз таныстарына тұрмысқа берген. Бес күннен кейін жасөспірім өзінің туған әкесіне қашып кеткен. Әкесі бірден полицияға жүгінген. 38 жастағы күдіктіні Астанада жасырынып жүрген жерінен ұстаған.

Іс материалдарына сәйкес, ол жасөспірімді зорлаған. Қыздың туған әкесінің айтуынша, қыздың шешесі мен өгей әкесі діни ағым өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары