«Хан-Тәңірі» футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы өмірден өтті

/
«Хан-Тәңірі» футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы өмірден өтті

Футболы Диас Төлеудің қазасы туралы ақпаратты  Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады", - деп жазылған қаралы хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары