«Көпбалалы әкелерге бірдеңе бере ме?»: Айқын Төлепберген отбасы туралы айтты

/
«Көпбалалы әкелерге бірдеңе бере ме?»: Айқын Төлепберген отбасы туралы айтты
Жеке парақшасынан

Әнші Айқын Төлепберген жақында бесінші сәбиін өмірге келетінін айтып, көпбалалы әке атанатынын мәлім етті , деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бесінші балада ешқандай дайындық керек емес. Негізі көпбалалы әкелерге бірдеңе беріле ме? Ешқандай жеңілдік жоқ па? Анасы өмірге әкелді дегенмен, бесеуін де асырап жүрген мен ғой. Бесеуінің тамағын да, киімін де қамтамасыз етудеміз. Әрине қалжың. Жалпы балаларымның әрқайсы екі-екіден үйірмеге барады. Оған мемлекеттен жеңілдік сұрауға болады екен. Бірақ мен сұраған жоқпын", - деді өнер иесі Revunews бағдарламасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Айқын Төлепбергеннің төрт баласы бар. Екеуі – алғашқы некеден. Жұлдыз Өмірғалимен бірге 2 бала өсіріп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары