Павлодар облысындағы №63 түрме күзетшісі сәлемдемелер арасынан телефон мен құлаққап, сондай-ақ, қуаттағыш тауып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Екібастұз тұрғыны счотталған туысына бір контейнер палау әкеп берген екен. Оны тексерген түрме күзетшісі контейнердің астынан телефон мен құлаққап, сондай-ақ, қуаттағыш тауып алған.
«Түрме күзетшісі сәлемдемедегі тыйым салынған заттарды дәл сол жерд тауып, тәркіледі. Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның ісі сотқа жолданды. Бұндай әрекет үшін сәлемдемені әкелген адам жауапты болады», - деп хабарлайды ҚАЖК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жуырда Алматы тұрғыны изолятордағы туысына ұн қуырдақ апарып берген. күзетшілер қуырдақты араластырып тексергенде, ішінен тағы да телефон табылған болатын.