Баянауылда жол апатынан бір адам қаза тапты

/
Баянауылда жол апатынан бір адам қаза тапты
istockphoto.com

Алдын ала мәлімет бойынша жеңіл көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Полиция қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Облыс орталығынан Баянауылға апаратын республикалық тас жолда көлік апатынан жүргізуші көз жұмды.

"16 қазан күні Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан 10 шақырым жерде, «Қалқаман-Керней» автожолында Lexus RX 330 маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші қаза тапты", - деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полиция көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады.

Тәртіп сақшылары мұндай қайғылы жайттардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережесін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды ауа райы жағдайын ескеруді және көлік құралының техникалық жай-күйін бақылап отыруды ескертеді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары