Жауын-шашын, тұман, дауыл: Қазақстанға циклон жақындап келе жатыр

/
Жауын-шашын, тұман, дауыл: Қазақстанға циклон жақындап келе жатыр
istockphoto.com

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай қарқынды әрі контрастты болады деп күтілуде. Елдегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны мен солтүстік антициклоны айқындайтын болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазгидромет мәліметінше, аптаның басында республиканың батыс және солтүстік-батыс өңірлері белсенді циклонның ықпалында қалады. Ол жауын-шашын (жаңбыр мен қар аралас) және желдің күшеюін алып келеді. Аптаның екінші жартысында атмосфералық фронттар елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына қарай ығысып, ол жақта да жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жаууы мүмкін.

Қалған аумақтарда солтүстік антициклон әсері сақталады — мұнда ауа райы көбіне құрғақ, алайда температура төмендеп, түнгі тұман күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.

Алдағы күндерге болжам бойынша ауа температурасы:

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде түнде +3…+11°С-тан -5…+8°С-қа дейін төмендеп, күндіз +5…+18°С шамасында болады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -13…0°С-тан -3…+3°С-қа дейін, күндіз +15°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 0…+13°С, күндіз +10…+23°С аралығында болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары