Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қыркүйек айында әуежай аумағында басқа азаматқа тиесілі ұялы телефонды қасақана лақтырып жіберген күдіктіге қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот құқық бұзушының кінәсін оның өз түсініктемесіне, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға және істің өзге де материалдарына сүйене отырып, толық дәлелденді деп таныды.
Сонымен қатар, сот айыпталушының кінәсін мойындап, өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын атап өтті.
Нәтижесінде, М. ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі (бөгденің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша кінәлі деп танылып, 196 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.