Елімізде астық ұрлығымен айналысқан 18 адам ұсталды

/
Елімізде астық ұрлығымен айналысқан 18 адам ұсталды
Полиция. Фото: polisia.kz

Полиция өкілдері шамамен 2 мыңға жуық астық сақтау және өңдеу нысандарын, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына тартылған мыңнан астам көлік пен арнайы техниканы тексерді. Тексеру нәтижесінде жаңа өнімді ұрлаудың 8 дерегі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәркіленген мүліктің жалпы көлемі – 141 тоннадан астам ұрланған астық, 175 келіге жуық басқа дәнді дақылдар, егіс алқаптарынан ұрланған 200 литрден астам жанармай және ауыл шаруашылығы техникасына тиесілі 15 қосалқы бөлшек анықталды.

Сонымен қатар төрт қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесіліп, 18 адам ұсталды.

Полиция бұл бағыттағы шараларды жалғастырып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сақталуына бақылау егін жинау науқаны толық аяқталғанға дейін күшейтілмек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары